
2021 жылдың 30 қыркүйегінде Талдықорған қаласының Оқушылар сарайының базасында білім басқармасы мен Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті бірлесіп ұйымдастырған "Парасатты отбасы" облыстық байқауының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті.
Байқау екі кезеңде өткізілді.
1-ші аудандық кезеңнің қорытындысы бойынша 20 үздік бейнеролик облыстық кезеңге жолданды.
Байқаудың қазылар алқасының шешімімен бас жүлдемен Қасымжановтар отбасы (Іле ауданы), бірінші орынмен Қызырғожа отбасы (Панфилов ауданы), екінші орындармен Қажиахметовтар отбасы (Ескелді ауданы), Төребаевтар отбасы (Жамбыл ауданы), үшінші орындармен Серікбаевтар отбасы (Талғар ауданы), Бекеновтар отбасы (Қапшағай қ-сы), Болатхан отбасы (Текелі қ-сы )марапатталды.
Сонымен қатар, 13 отбасы ыңталандыру сыйлықтарын иеленді.
Байқау жеңімпаздарын құттықтаймыз және осы байқауға қатысқан барлық Алматы облысының отбасыларына алғысымызды білдіреміз.