ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Қоғамдық маңызы бар бастамаларды дамыту қоры мен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ-мен бірлесіп, «Қазақстан мұғалімі» Ұлттық сыйлығын жыл сайын ұйымдастырады.

Ағымдағы жылы «Samruk-Kazyna Trust» «Қазақстан мұғалімі» жобасын іске асыру шеңберінде ауыл мектептері мен шағын қала мұғалімдері үшін әлеуметтік жобаларға әрқайсысы 1 миллион теңгені құрайтын 30 шағын грант конкурсын өткізуді қолдады. Аталған конкурста Алматы облысының ауыл мектептерінен 7 педагог қатысып, 1 000 000 теңге құрайтын шағын грант ұтып алды.

  1. Аманова Замира Арыстановна -Іле ауданы № 42 орта мектептің орыс тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімі
  2. Әуренбаева Торғын Төлегенқызы - Іле ауданы № 40 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімі
  3. Баймуратова Зарема Маженовна - Жамбыл ауданы Ү.Кәрібаев атындағы орта мектебінің химия және биология пәндері мұғалімі
  4. Естибаева Эльмира Даулетовна - Ақсу ауданы Жансүгіров атындағы орта мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі
  5. Қаймұханов Асыл - Ақсу ауданы Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектептің математика, информатика пәндері мұғалімі
  6. Сағымбекова Бақытгүл Советхановна -Ақсу ауданы Абай орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімі
  7. Секлибаева Гулим Накысбековна - Еңбекшіқазақ ауданы, Қойшыбек орта мектебінің тарих, география пәндері мұғалімі

Әріптестерімізді шын жүректен құттықтаймыз!