Алматы облысы колледждерінің «Саналы ұрпақ» клуб белсенділерімен кездесу өткізілді

Алматы облысы колледждерінің «Саналы ұрпақ» клуб  белсенділерімен кездесу өткізілді

Білім басқармасының ұйымдастыруымен 2021 жылғы 24 қыркүйекте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, халықтың сыбайлас жемқорлық белгілерін қабылдамайтын бөлігін ұлғайту мақсатында техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің директорлары және «Саналы ұрпақ» клубтарының  белсенділерімен «Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу» тақырыбында «zoom» платформасы арқылы вебинар өтті.

Вебинар жұмысына республикалық «Саналы ұрпақ» жобалық кеңсесінің жетекшісі - Қайыржан Ахметбекұлы Токушев, Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агентігінің Департамент басшысының бірінші орынбасары -  Жандос Сағындықұлы Жұмабаев және білім басқармасы басшысының орынбасары - Айжан Маманқызы Адамбекова қатысты.

Республикалық «Саналы ұрпақ» жобалық кеңсесінің жетекшісі - Қайыржан Ахметбекұлы Токушев Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бойынша жан-жақты кеңес және бағыт-бағдар берді.

Жандос Сағындықұлы Жұмабаев сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін түсіндіре келе, өз іс-тәжірибесімен бөлісіп,  қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Болашақта бұл бағыттағы жұмыстар өз жалғасын табатын болады.