
Қазіргі қоғамдағы мұғалімнің беделін арттырып, жалпы орта білім беру жүйесіндегі тәрбие үрдісін жетілдіру және тәрбие жұмысының деңгейін арттыру, шығармашылықпен айналысатын жаңашыл сынып жетекшілерді анықтау мақсатында 2021 жылдың 21 қыркүйегінде «Үздік сынып жетекшісі-2021» байқауы өткізілді. Байқауға облыстың 20 аудан, қаласынан келген ұстаздер қатысты.
Қазылар алқасының шешімі бойынша І орынмен Қайролла Жанылған /Қаратал а-ы/, ІІ орынмен Баймолда Жұлдыз /Кербұлақ а-ы/, Ералиева Жазира /Текелі қ-ы/, ІІІ орынмен Советжанұлы Нұрбек /Алакөл а-ы/, Абитаева Фариза /Райымбек а-ы/ марапатталды.
«Жаңашыл жетекші» номинациясын Бирюкова Елена /Сарқан а-ы/, «Шебер жетекші» номинациясын Смагулова Жанна /Талдықорған қ-ы/, «Ізденімпаз жетекші» номинациясы Келдибекова Жұлдызға /Ұйғыр а-ы/ берілді.