Жүзуден мектеп оқушылары арасында республикалық турнирдің (ұлдар,қыздар) жабылуы

Жүзуден мектеп оқушылары арасында республикалық турнирдің  (ұлдар,қыздар) жабылуы

Ағымдағы жылдың 13-18 қыркүйек күндері ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының күнтізбелік жоспарына сәйкес Алматы облысы білім басқармасының Дене тәрбиесі, спорт, алғашқы әскери дайындығы және қосымша білім берудің  ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен Талдықорған орталық бассейнінде жүзуден 2005 ж.т (ұлдар,қыздар) мектеп оқушылары арасында республикалық жарысы өз мәресіне жетті. Жеңімпаз командаларды марапаттауға ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы Алматы қаласындағы филиалының директоры Айтбаева Зоя Қанатбекқызы және Еуропа әлем чемпионатында алтын медаль иегері, Талдықорған орталық бассейнінің директоры Суюнов Мерей Иембергенович жарысқа қатысушыларды жеңістерімен құттықтады! 4 күндік жарыстың қорытындысы бойынша командалық есепте төменгідей орындарды иеленді:

  1. Алматы облысы
  2. Солтүстік Қазақстан облысы
  3. Алматы облысы 1
  1.