Ағымдағы жылдың 13-18 қыркүйек күндері ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының күнтізбелік жоспарына сәйкес Алматы облысы білім басқармасының Дене тәрбиесі, спорт, алғашқы әскери дайындығы және қосымша білім берудің ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен 14 қыркүйек күні Талдықорған орталық бассейнінде жүзуден 2005 ж.т (ұлдар,қыздар) мектеп оқушылары арасында республикалық жарысының ашылу салтанаты өтті. Ашылу салтанатында ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы Алматы қаласындағы филиалының директоры Айтбаева Зоя Қанатбекқызы және Еуропа әлем чемпионатында алтын медаль иегері, Талдықорған орталық бассейнінің директоры Суюнов Мерей Иембергенович жарысқа қатысушыларды құттықтап, жеңіс тұғырынан көрінуге сәттілік тіледі.