
Басқарма тарапынан «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау бойынша «Өзгеру жолы: барлығына лайықты өмір!» Жол картасындағы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелердің түлектерін еңбекпен қамтамасыз ету бойынша тиісті жұмыс атқарылуда.
2020-2021 оқу жылында жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелердің 73 (9 сынып - 60, 11 сынып - 13) түлегі жұмысқа орналастырылды: оның ішінде жоғары оқу орнына - 7 (С.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті, І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Қазақстан-Ресей Медицина университеті, Омск қаласындағы қаласындағы су көлігі институты, Азаматтық авиация академиясы), колледжге - 42, 10 сыныпта оқуын жалғастырады - 15, денсаулығына байланысты (мүгедектік ресімдегендер) оқымайтын балалар саны - 9.