
Алматы облысының білім басқармасы «ҮЗДІК ПЕДАГОГ – 2021» облыстық конкурсының ІІ кезеңін өткізетіні туралы хабарлайды.
I кезеңінің қорытындысы бойынша жеңімпаздарының құжаттары мен материалдары 2021 жылдың 24 мамырына дейін электронды форматта қабылданады.
Ағымдағы жылдың 27-28 мамыр аралығында облыстық конкурстың ІІ кезеңіне қатысушылар білім беру қызметіндегі жеке кәсіби жетістіктері, оқушыларының оқуы мен тәрбиесі және дамуының нәтижелері, педагогтің белгілі бір уақыт аралығындағы білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлесі ұсынылған жеке портфолиосын онлайн форматта таныстырады (педагогтің портфолиосының құрылымы «Үздік педагог» атағын беру қағидаларын бекіту туралы» 2-қосымшада келтірілген). Таныстырылым облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының Facebook парақшасында тікелей эфирде жүреді.