ТжКББ ұйымдарында 2021-2022 оқу жылын кредиттік-модульдік оқыту жүйесі негізінде ұйымдастыру

ТжКББ ұйымдарында 2021-2022 оқу жылын кредиттік-модульдік оқыту жүйесі негізінде  ұйымдастыру

Облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының техникалық және кәсіптік білім бөлімі 3-7 қыркүйек аралығында оқу процесін тиімді ұйымдастыруда директордың  оқу ісі жөніндегі орынбасарларына,  әдіскерлерге, «Педагогикалық қауымдастық», «Жалын», «Жігер», Тамақтандыруды ұйымдастыру, «Серпін» ассоциация мүшелеріне әдістемелік қолдау көрсету мақсатында «ТжКББ ұйымдарында 2021-2022 оқу жылын кредиттік-модульдік оқыту жүйесі негізінде  ұйымдастыру» тақырыбында тізбектелген вебинарлар өткізді.

Іс-шарада  2021-2022 оқу жылын ұйымдастыру бойынша  әдістемелік - нұсқаулық ұсынымдары, кредиттік оқыту технологиясын енгізу шарттары таныстырылды. Вебинар барысында дәстүрлі  және қашықтықтан оқыту, білімдегі олқылықтардың орнын толтыру және   кредиттік оқыту технологиясы негізінде әзірленетін оқу-жұмыс бағдарламасы, басшылыққа алынатын нормативтік құжаттар талқыланды.