Оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың 2021-2022 оқу жылындағы ерекшеліктері

Оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың 2021-2022 оқу жылындағы ерекшеліктері

2021-2022 оқу жылында орта білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктерін түсіндіру арқылы педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру мақсатында ағымдағы жылдың 2-3 қыркүйегінде   «Оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың 2021-2022 оқу жылындағы ерекшеліктері» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Аталған шарада орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруды қамтамасыз етудің негізгі нормативтік-құқықтық актілерімен, үлгілік оқу жоспарларымен,  коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты шектеу шаралары кезеңінде орта білім беру ұйымдарында дәстүрлі (штаттық) 2021-2022 оқу жылындағы оқу процесін ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік  ұсынымдар таныстырылды. Таныстырылым соңында қатысушылар орталық әдіскерлеріне сұрақтар қойып, бірлесе нормативтік құжаттарды талқылады.