«Білім алушыларды әскери - патриоттық рухта тәрбиелеудің маңызы» тақырыбында тамыз кеңесінің №5 секциялық жұмысы

«Білім алушыларды әскери - патриоттық рухта тәрбиелеудің маңызы» тақырыбында тамыз кеңесінің №5 секциялық жұмысы

Ғылыми-тәжірибелік орталығының алғашқы әскери дайындық бөлімі  2021 жылдың 16 тамыз күні «Білім алушыларды әскери - патриоттық рухта тәрбиелеудің маңызы» тақырыбында ZOOM платформасында алғашқы әскери және технология дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушылары, әскери-патриоттык клуб және кадет сынып жетекшілерінің дәстүрлі тамыз кеңесінің №5 секциялық жұмысы өткізілді. Секциялық отырыста аудандық (қалалық) білім бөлімінің әдіскерлері, алғашқы әскери және технология дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушылары, әскери-патриоттық клуб және кадет сынып жетекшілері қатысып, өзара пікір алмасып, жұмыс барысында өз тәжірибелерімен бөлісті. Жұмыс алаңында:

  • «Жас Сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы республикалық қоғамдық бірлістігіның төрағасыМеңдіғалиев Мейірбек Оразұлы «Біз Тәуелсіз еліміздің лайықты жастарына зор үміт артамыз»;
  • Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі «Алматы облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті» әскери-патриоттық тәрбие және Қарулы Күштер ардагерлерімен жұмыс бөлімінің бастығы Қазанғапов Ерғали Баукенұлын «Алматы облысында «Жас Сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысын дамыту»;
  • Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Бельдыбаев Куат Майтаевич «Әр түрлі жағдайларда, төтенше жағдайларда халықтың қауіпсіздігі»;
  • Алматы облысы Іле ауданы № 7 мектеп гимназиясының кадет сыныбының жетекшісі Андосов Ертай Дарменкулович «Әскери-патриоттық клуб пен кадет сыныптарын қалай ашуға болады»;
  • Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы АӘжТД пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы Абдрахманов Радик Аскержанович «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық сабақтарында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану» тақырыптарында іс тәжірибелерімен бөлісті.
  •