«Қосымша білім беру педагогикалық білім берудің заманауи трендтері негізінде жетілдіру» тақырыбында тамыз кеңесінің №2 секциялық жұмысы

«Қосымша білім беру педагогикалық  білім берудің заманауи трендтері негізінде жетілдіру» тақырыбында тамыз кеңесінің №2 секциялық жұмысы

Ғылыми-тәжірибелік орталығының ғылыми техникалық шығармашылықты дамыту бөлімі  2021 жылдың 12 тамыз күні «Қосымша білім беру педагогикалық  білім берудің заманауи трендтері негізінде жетілдіру» тақырыбында ZOOM платформасында қосымша білім беру педагог қызметкерлерінің дәстүрлі тамыз кеңесінің №2 секциялық жұмысы өткізілді. Секциялық отырыста қосымша білім беру ұйымдарының педагогтары, жалпы орта білім беру ұйымдарының техникалық және робототехника үйірме жетекшілері, жас техниктер станцияларының директорлары, кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарының техникалық-шығармашылық бағытындағы үйірме жетекшілері, аудандық (қалалық) білім бөлімінің әдіскерлері қатысып, өзара пікір алмасып, жұмыс барысында өз тәжірибелерімен бөлісті. Жұмыс алаңында :

  • І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің математика және информатика кафедрасының оқытушысы, жаратылыс ғылымдарының магистрі – Мейрамбек Әділет Мейрамбекұлы, «Робототехника пәнін қашықтықтан оқытуда цифрлық білім беру ресурстары»;
  • Батыс Қазақстан облысы Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің ақпараттық технологиялар жұмысы жөніндегі орынбасары – Бижанов Акан Маликұлы», «STEAM білім беру – шығармашылық және техникалық шығармашылықты синтездеуге негізделген өнімді қызметті ұйымдастыру»;
  • Алакөл ауданы Үшарал қаласы №1 ОМ информатика пәні мұғалімі - Тұрсынбаев Алмас Саматұлы, «IT технологиялар - қызықты сабақ»;
  • Қарасай ауданы А.Байтұрсынұлы ОМ информатика пәні мұғалімі – Рахымов Ернар «Робототехника - болашақтың бағдары» тақырыптарында шебер сыныптарын көрсетіп, жарамсыз пластиктерден, істен шыққан шаңсорғыштардан тамаша роботтар жасап шығаратын Талғар ауданының тұрғыны Қуаныш Мұхамеджанов өзінің жұмыстарымен бөлісті.