
2021 ждылдың 12 тамыз күні ZOOM платформасында «Қосымша білім беруде оқу – тәрбие үдерісін ұйымдастыру» тақырыбында Қосымша білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтеріне, жалпы орта білім беру мекемелерінің көркем-эстетикалық бағытындағы үйірмелерінің жетекшілеріне балаларға қосымша білім беру жүйесінде шығармашылық қабілеттерін дамытуға арналған түрлі бағыттарды үйлестіре отырып педагогикалық әдіс-тәсілдерді қолдануды үйрету мақсатында тамыз кеңесінің №4 секциялық жұмысы өткізілді. Жетекші: Дуненбаева Бақытгүл Бақбергенқызы - Дене тәрбиесі, спорт, алғашқы әскери дайындығы және қосымша білім берудің ғылыми-тәжірибелік орталығының директорының орынбасары. Модератор: Идырысова Мира Сейтқұлқызы – Дене тәрбиесі, спорт, алғашқы әскери дайындығы және қосымша білім берудің ғылыми-тәжірибелік орталығының көркем – эстетикалық бөлімінің жетекшісі. Алакөл ауданы оқушылар шығармашылық үйінің директоры Уалиева Асия Уалиевна құттықтау сөзбен бастап, Ахметова Назерке Токтарбаевна (Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің «Үшарал қалалық балалар шығармашылық орталығы», домбыра үйірмесінің жетекшісі) «Қ.Сағырбайұлының «Балбырауын» күйін сандық әдіспен үйрету технологиясы», Митина Наталья Александровна (Н.Тілендиев атындағы балалар музыка мектебі, Талдықорған қаласы, фортепиано сыныбының мұғалімі) «Произведения композиторов Казахстана в репертуаре учащихся класса фортепиано ДМШ»; Валиева Гаухар Жамбыловна («Д.Рақышев атындағы өнер мектебі» МКҚК сурет және қолөнер мұғалімі) «Пейп-арт технологиясы» тақырыптарында шебер сынып көрсетілді, Сергибаева Гульназ Акжоловна (Кербұлақ аудандық білімді дамыту оқу-әдістемелік орталығының әдіскері) «Қосымша білім беруде оқу – тәрбие үдерісін ұйымдастыру» тақырыбында коучинг өткізді. Қорытындылай келе ұстаздар бірнеше ұсыныстар айтып, түрлі сұрақтарға жауап алды.