
Алматы облыстық білім беру саласындағы ғылыми-тәжірибелік ақпараттық технологиялар орталығында ағымдағы жылдың 13 тамыз күні ZOOM платформасында, YouTube арнасы, Facebook әлеуметтік желісі арқылы онлайн форматта «Білім беру жүйесін ақпараттық коммуникациялық технологиялар арқылы дамытудың жолдары» тақырыбында тамыз кеңесінің №6 секциялық жұмысы өтті.
Секциялық отырыста «Күнделік» электрондық журналдар жүйесіндегі жаңартулар, Жаратылыстану ғылым пәндерінде заманауи ROQED бағдарламаның мүмкіншілігі мен маңыздылығы, «STEM» білім беру моделі, BilimLand – ұлттық білім беру экожүйесі. Цифрлы білім берудегі аралас оқыту (дәстүрлі/цифрлы формат), «Цифрлық сауаттылық заман талабы» тақырыбы бойынша мәселелер ортаға салынды.
Жұмыс алаңына аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің ақпараттандыруға жауапты мамандары, информатика пәнінің мұғалімдері, IT сыныпқа жауапты мамандар, директордың ақпараттандыруға жауапты орынбасарлары, барлығы 650 адам қатысты.