
2021 жылғы 21-23 маусым күндері аралығында көне түркі қалаларының бірі болып табылатын қасиетті Түркістан қаласында «Түркістан – Түркі әлемінің бесігі» Түркі елдері жастарының саммиті өтті.
Іс-шараға Ресей Федерациясы, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстанның жастар қозғалысының өкілдері қатысты.
Форум барысында қатысушылар әскери-патриоттық тәрбие саласында тәжірибе алмасты, республикалық «Жас Сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының төрағасы Меңдіғалиев Мейірбек Оразұлы және Алматы облысының «Жас Сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының төрағасы Қасенов Айбол Батырболұлы республика атынан қатысты. Аталған іс-шараға түркітілдес елдердің 300-ден астам өкілдері болды.