
Ғылыми – тәжірибелік орталығы 2021 жылдың 9-11 маусым күндері аралығында «Техникалық шығармашылық және өнертапқыштардың (әуе, зымыран, көлік, кеме құрастыру)» республикалық жарысына Алматы облысынан үміткерлердің онлайн режимде қатысуын ұйымдастырды. Жарыс қорытындысы бойынша Талғар ауданы, Жас техниктер станциясының оқушылары Амангельдиева Айдана «Зымыран модельдерінің S9А – ротошют» номинациясы бойынша ІІІ орын, Евстифеев Наиль «Әуемодельдерінің кордалы жарты копия» номинациясы бойынша ІІІ-ші орынға және Карлов Олег «Зымыран модельдерінің S6А –стример» номинациясы бойынша ІІ орын, Талдықорған қаласы, Жас техниктер станциясының оқушысы Стебляк Евгений «Кемемодельдері модельдерінің F-4-В» номинациясы бойынша ІІ орынға ие болып дипломдармен марапатталды.