
Алматы облысы білім басқармасының «Жас Сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысы алғаш рет «ЖАС САРБАЗ» облыстық әскери-патриоттық ойынын Алакөл ауданы Үшарал қаласының орталық стадионында өткізді, облыстан келген 20 әскери-патриоттық клубтар, екі күн бойы әскери-қолданбалы спорт түрлерінен өз араларынан үздігін таңдады. Талас тартысқа толы ойын қорытындысы бойынша бас жүлдені және ауыспалы кубогты Көксу ауданының «Жапсарбаев ұландары» клубы жеңімпаз атанды. Барлығы 60 тәрбиеленуші қатысты.