“Қазақстан балалары шексіз әлемде” балалар киносының республикалық фестивалінің қорытындысы

“Қазақстан балалары шексіз әлемде” балалар киносының республикалық фестивалінің қорытындысы

«Қазақстан балалары шексіз әлемде» балалар киносының республикалық фестивалі 23 сәуір – 21 мамыр аралығын қашықтық форматында ұйымдастырылып өткізілді. 

Фестивальдің мақсаты: үздік классикалық және заманауи өнер үлгілерін игеру және орындау, дарынды балалар мен жастарды анықтау және қолдау арқылы білім алушылардың тұлғалық рухани мәдениетін қалыптастыру.

Фестивальға сандық технологиялардың көмегімен – видеокамера, фотокамера және ұялы телефонмен түсірілген 3 минутқа дейінгі қысқа метражды фильмдер қабылданды. Фестиваль байқаулары 9 номинация бойынша өткізілді

Жалпы командалық есепте Алматы облысының командасы 3 орынға ие болды.

3 маусым күні  Алматы облысының Дене тәрбиесі, спорт, алғашқы әскери дайындығы және қосымша білім берудің ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен жеңімпаздарды марапаттау рәсімін өткізді.