«Үздік педагог - 2021» республикалық конкурстың облыстық кезеңі

«Үздік педагог - 2021» республикалық конкурстың облыстық кезеңі

2021 жылдың 31 мамырында Алматы облысының білім басқармасы  кәсіби қызметте жоғары жетістіктерге жеткен техникалық  және кәсіптік білім беру ұйымдары педагогтерінің тәжірибесін тарату және ынталандыру мақсатында «Үздік педагог» конкурсының облыстық кезеңін өткізді.

Конкурсқа техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарынан 12 инженер - педагог қатысты.

Конкурстың облыстық кезеңінің нәтижелері бойынша жеңімпаздар анықталды:

І орын - Иманжан Мукаш, Алматы облысының қызмет  көрсету және тамақтандыру саласындағы  инновациялық технологиялар колледжінің өндірістік оқыту шебері;

ІІ орын - Токенова Гульнара Сагидоллиновна, Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің арнайы пән  оқытушысы ;

ІІ орын - Нурбекова Акмарал Маметқазиевна,  Жаркент жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінің арнайы пән  оқытушысы;

ІІІ орын - Аскаров Айдар Турганбаевич, Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжінің өндірістік оқыту шебері;

ІІІ орын - Сейтбекова Асем Кайратовна, Алматы экономикалық колледжінің арнайы пән  оқытушысы;

ІІІ орын - Нусипова Зиба Айткуловна,  Есік  гуманитарлық-экономикалық колледжінің арнайы пән оқытушысы.