«Айбын» облыстық әскери-патриоттық ойынының қорытындысы

«Айбын» облыстық әскери-патриоттық ойынының қорытындысы

Білім басқармасы және "Жас сарбаз" әскери-патриоттық қозғалысы бірлесе отырып, алғашқы рет  ұйымдастырылған «Айбын» облыстық әскери-патриоттық ойыны өткізілді және екі күн бойы командалар әскери-қолданбалы спорт түрлерінен өз араларынан үздігін таңдады. Ойын қорытындысы бойынша бас жүлдені және ауыспалы кубогты Алакөл ауданының «Алакөл арландары» клубы жеңімпаз атанып, Республикалық ақтық кезеңге облыс намысын қорғауға жолдама алды.