"Айбын" облыстық әскери-патриоттық ойыны

"Айбын" облыстық әскери-патриоттық ойыны

2021 жылдың 27 мамыр күні Талдықорған қаласы К.Ушинский атындағы №7 орта мектебінің базасында Білім басқармасы және "Жас сарбаз" әскери-патриоттық қозғалысымен бірлесе отырып, алғашқы рет  ұйымдастырылған "Айбын" облыстық әскери-патриоттық ойынының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Ашылу салтанатында Жас сарбаздарға басқарма басшысының орынбасары Адамбекова Айжан Маманқызы құттықтау сөзін айтып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.