
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары инженер-педагогтердің инновациялық шығармашылығын арттыру, өзекті мәселелерді талқылау үшін диалогтік алаңын құру мақсатында «Білімдегі инновациялар: ізденіс және шешімдер» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияның пленарлық отырысында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек ресурстарын дамыту департаментінің директоры Ахметова Айжан Төлеуқызы электронды еңбек биржасы негізінде әзірленген бірыңғай білім беру онлайн порталының мүмкіндіктерін таныстырса, Алматы мемлекеттік политехникалық, Алматы облысының қызмет көрсету және тамақтандыру саласындағы инновациялық технологиялар колледждері инклюзивті білім беру мен «Жас маман» жобасы аясында жүргізілген жұмыстарының мүмкіндіктері бойынша тәжірибелерін ұсынды. Ал І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің 3 курс PhD докторанты С.Рамазанов техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы инновациялық білім беру мәселелерін зерттеу әдіснамасы мен әдістемесі негізінде қорытынды ақпараттармен бөлісті. Конференция жұмысы 3 секция бойынша жалғастырылды. Конференцияның кері байланысы Onlainе Test Pad, «learnis» платформасында жүргізілді.