Жазғы мектеп жұмысына дайындық

Жазғы мектеп жұмысына дайындық

Алматы облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы ағымдағы жылдың 24 мамырында  Нұр-Сұлтан қаласындағы   Білім жаңғырту орталығымен бірлесіп қашықтықтан оқыту жағдайында оқушылардың білім алуындағы жіберілген олқылықтардың орнын толтыру  мақсатында жазғы мектеп  жұмысына дайындық жұмыстарын жүргізді.  Аталған іс-шарада Білім жаңғырту орталығының мамандары оқу сауаттылығы дағдыларын дамыту, мәтінмен жұмыс, мәтін бойынша тапсырмаларды орындаудың (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым)  тиімді әдіс- тәсілдердің жолдарын көрсетті.