Баскетболдан 5-6 сынып (ұлдар) оқушылары арасында республикалық «Алтын доп» Ұлттық мектеп лигасы

Баскетболдан 5-6 сынып (ұлдар) оқушылары арасында республикалық «Алтын доп» Ұлттық мектеп лигасы

ҚР БҒМ Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының күнтізбелік жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 17-24 мамыр күндері аралғында ғылыми-тәжірибелік орталықтың ұйымдастыруымен баскетболдан 5-6 сынып (ұлдар) оқушылары арасында республикалық «Алтын доп» Ұлттық мектеп лигасын өткізді. Барлығы 10 команда қатысып, 112 оқушы қамтылды.

Жарыстың нәтижесі бойынша:

1-орын – Павлодар облысы, №26 ОМ;

2-орын – Нұр-Сұлтан қаласы, №61 ОМ;

3-орын – Алматы облысы, Іле ауданы, №17 ОМ;

Номинацияға ие болғандар:

«Үздік ойыншы» - Айтпай И., Нұр-Сұлтан қаласы;

«Үздік шабуылшы» - Самойленко С., Алматы облысы;

«Үздік қақпашы» - Машанло А., Жамбыл облысы;

«Үздік қорғаушы» - Золотухин Х., Павлодар облысы.