
Ағымдағы жылдың 13-20 мамыр күндері аралығында ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының күнтізбелік жоспарына сәйкес ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен гандболдан 7-8 сынып (қыздар) оқушылары арасында Республикалық «Ұшқыр доп» Ұлттық мектеп лигасы өтті. Әр облыстан 8 команда қатысып, төмендегі орындарға ие болды.
1-орын – Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Әл-Фараби ОМ;
2-орын – Қызылорда облысы, №165 ОМ;
3-орын – Алматы облысы, Іле ауданы, №26 ОМ.