Өңірлік үйлестірушілерге арналған стендтік сессия

Өңірлік үйлестірушілерге арналған стендтік сессия

Облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы Талдықорған қаласындағы «НЗМ» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы филиалымен бірлесе отырып педагогтердің кәсіби қоғамдастық шеңберінде өзара қарым-қатынасын нығайту және тиімді жұмыс істеу мақсатында өңірлік үйлестірушілерге арналған облыстық PechaKucha форматында стендік сессияcы өтті. Іс-шара барысында өңірлік үйлестірушілер жетекші мектептердің кәсіби қоғамдастықтағы мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін дамыту жұмыстарын ұйымдастыру және әдістемелік тақырып бойынша әзірлеген зерттеушілік жұмыстарымен бөлісті.