Колледж оқытушыларының оқу-әдістемелік кешенінің жинақталу құрылымы, тәжірибедегі мүмкіндіктері

Колледж оқытушыларының оқу-әдістемелік кешенінің жинақталу құрылымы, тәжірибедегі  мүмкіндіктері

2021 жылдың  19 мамырында  пәндік құзіреттілікті қалыптастыруда пәнаралық байланыстың мүмкіндіктерін талқылау мақсатында «Пәнаралық байланыс негізінде құзіреттілікті қалыптастыру» тақырыбында  облыстық вебинар өтті.

Вебинарда Талдықорған өнеркәсіптік индустрия және жаңа технологиялар, Алматы облысының қызмет көрсету және тамақтандыру саласындағы инновациялық технологиялар колледждерінің педагогтері  «Тамақтандыруды ұйымдастыру», «Сантехник», «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» мамандықтары бойынша білім алушыларына арналған көмекші құралдарды ұсынып, пәнаралық тапсырмаларды жинақтаудың жолдарын және жұмыс нәтижелерімен бөлісті. Вебинарға 100 инженер-педагог қатысты.