2021 жылдың 19 мамыр күні Талдықорған қаласы, № 25 орта мектебінің базасында облыстық білім басқармасы «Жаз кезеңде балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысын, сауықтыруды және жұмыспен қамтуды ұйымдастыру» туралы онлайн семинар-кеңес өткізді.
Семинар-кеңестің мақсаты балалар мен жасөспірімдердің судағы жүріс-тұрысы, жол қауіпсіздігі мен жарақаттанушылықтың алдын алуды қамтамасыз ету туралы сұрақтары бойынша тиімді диалог және мемлекетпен, қоғаммен және кәсіби бірлестіктермен қарым-қатынас үшін ашық алаң құру болды.
Семинардың жұмысына Алматы облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті, Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті «Жедел құтқару жасағы» және облыстық денсаулық сақтау басқармасы өкілдері қатысты.
Сондай-ақ, семинар қатысушылары балаларға жазғы демалысын ұйымдастыру мәселелері оның ішінде олардың су қоймалары жанында қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жазғы кезеңде өрт қауіпсіздігі, балалардың жолдағы қозғалыс кезіндегі жарақаттар жағдайы, қызылша, кене энцефалиті бойынша эпидемиологиялық ахуал және алдын алу шаралары туралы сұрақтары талқыланады.