
Оқу-әдістемелік орталығы «Табысты басшы» жоба аясында «Мектепке дейінгі ұйымды тиімді басқару» тақырыбында аймақтық вебинар өткізді.
Мақсаты: «Балабақша жұмысын басқарудың заманауи тәсілдерін қолдануда меңгерушілерді әдістемелік тұрғыда сүйемелдеу.
Іс-шара барысында Қапшағай қаласы, Ескелді, Көксу, Қаратал аудандарының мемлекеттік, жекеменшік балабақша меңгерушілері басқаруды жетілдіру, қашықтан тәрбие мен оқыту процесін ұйымдастыруда тиімді тәсілдерді қолдану мүмкіндіктерін көрсетті. Шараға 52 меңгеруші қамтылды.