
«Білім беру сапасын арттыру және тиімді жұмыс істеудің режимі» жобасы білім алушылардың арасындағы білім сапасындағы алшақтықты азайту, дарынды балаларға арналған білім беру ұйымдарының тәжірибесін тарату мақсатында жүргізілді. Жүргізілген жұмыстарды қорытындылау үшін 2021 жылдың 18 мамырында басқарма басшысының орынбасары А.Адамбекованың қатысуымен онлайн жиын өтті. Аталған шараға облыстық мекемелердің және оларға тіркелген магниттік мектептердің басшылары қатысты. Басқарма басшысының орынбасары А.Адамбекова өз сөзінде жоба келер жылы да өз жалғасын табады, жобаның екінші кезеңінде серіктес мектептердің саны артатынын айтты. Сонымен қатар, магниттік мектеп директорлары тәжірибе алмасуда тізбектелген шаралардың тиімділігіне тоқталып, бірқатар ұсыныстар айтты.