
Жазғы мектептің жұмысын тиімді ұйымдастыру мақсатында 17 мамырда орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдері ассоциациясының Шеберлер мектеп аясында "Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыс түрлері" тақырыбында вебинар өтті. Вебинар барысында Қапшағай қаласы, А.Жұбанов атындағы №5 ОМ орыс тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімі Мураховская Елена Владимировна оқу және тәрбие іс-шараларын ұйымдастыруда дарынды балаларды анықтау тәсілдерімен бөлісті. "Білім алушылардың зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру үшін жазғы мектеп алаңын қалай пайдалануға болады?" тақырыбындағы шебер-класта Іле ауданы №38 мектеп-гимназиясының орыс тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімі Олия Инна Александровна өз тәжірибесімен бөлісті. Іс-шараға 100 педагог қатысты.