
2021 жылдың 17 мамырда білім басқармасының ұйымдастыруымен «Білім беру саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер» тақырыбында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Алматы облысы бойынша филиалының ғимаратында ашық есік күні өтті. Аталған шарада мемлекеттік қызметтер көрсету саласы бойынша ақпараттық түсіндіру жұмыстары мен консультациялық көмек көрсетілді. Сонымен қатар азаматтардың сұрақтарына толыққанды жауап берілді.