
2021 жылдың 14 мамырда «Робототехника элективті курсында онлайн платформаларды және конструкторларды қолдану ерекшеліктері» тақырыбында аймақтық вебинары өтті. Вебинар барысында Javascript, Python бағдарламалау тілдерін Microbit платформасында қолдану тәсілдерін Ш.Смағұлов атындағы Алматы облыстық мамандандырылған дарынды балаларға арналған физика-математика мектеп - интернатының информатика пәнінің мұғалімі Т.Сүндетов таныстырды. Tincercad және Ardublok платформаларының өзара байланысын Жамбыл ауданы А.Қарсақбаев атындағы орта мектебінің информатика пәні мұғалімі А.Алишев көрсетті. Ескелді ауданы Қаратал ОМ информатика пәні мұғалімі К.Михов өз сабағында Tinkercad онлайн-конструкторында жұмыс істеуде қолданатын лайфхактар мен бөлісті. Вебинардың кері байланысы Padlet Diagnostics арқылы жүргізілді. Вебинарға 100 педагог қатысты.