
Оқу-әдістемелік орталығы «Табысты басшы» жоба аясында «Заманауи балабақшаны басқарудағы белсенді әдіс-тәсілдер» тақырыбында аймақтық вебинар өткізді.
Мақсаты: балабақша жұмысын басқарудың заманауи әдістерін қолдануда меңгерушілерді әдістемелік тұрғыда сүйемелдеу.
Іс-шара барысында Алакөл, Ақсу, Сарқан аудандарының мемлекеттік, жекеменшік балабақша меңгерушілері қашықтықтан оқытуда тәрбие мен оқыту процесін басқаруды жетілдіру, балабақша жұмысын арттырудың мүмкіндіктері мен ұтымды жолдарын және басқаруда жобалау әдісін қолданудың тиімділігін көрсетті. Шараға 100 меңгеруші қамтылды.