
Талдықорған қаласы «Жастар» спорт кешенінде 7-8 сынып оқушылары (қыздар) арасында гандболдан Республикалық Ұлттық мектеп лигасы бастау алды. Аталған шараға республиканың түпкір-түпкірінен 8 команданың өтініштері қабылданды (Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Жамбыл, Алматы облыстары мен Алматы, Шымкент қалалары). Гандболдан республикалық Ұлттық мектеп лигасы 20 мамырға дейін жалғасын табады. Барлық қатысушы командаларға сәттілік тілейміз!