Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы

Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы

Құрметті Алматы облысының тұрғындары!

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» №355 бұйрығына сәйкес Алматы облысының білім басқармасы "Айналайын» балалар үйі" КММ Қамқоршылық кеңес құрамынан 1 мүшесінің шығуына байланысты, кеңеске мүше болуға үміткерлердің жазбаша келісімімен алынған ұсыныстардың негізінде Қамқоршылық кеңес құрамына өзгерістер енгізіледі.

Қамқоршылық кеңестің құрамына жергілікті өкілдік, атқарушы және құқық қорғау органдарының, жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестердің,коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері,қайырымдылық жасаушылар енгізіледі.

Осыған байланысты жоғарыда аталған ұйымның Қамқоршылық кеңестің құрамына енгізу туралы жазбаша ұсыныстарды 2021 жылғы 28 мамырға дейін мемлекеттік органдардың бірыңғай ақпараттық ресурстар порталына жіберуді сұраймыз. 

Алматы облысының білім басқармасы