
Назарбаев Зияткерлік мектептері тәжірибесін тарату, педагогтердің кәсіби қоғамдастық шеңберінде өзара қарым-қатынасын нығайту мақсатында Талдықорған қаласы «НЗМ» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы филиалымен бірлесіп, «Жаңару жаршысы-2021» оңтүстік өңірлердің Жетекші мектептерінің Форумын өткізді. Пленарлық отырыста облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының директоры А. Қабдулова жетекші мектептердің зерттеушілік әрекетін әдістемелік тұрғыда қолдау туралы баяндама жасады.
Аталған шараға жетекші мектеп басшылары, үйлестірушілер, көшбасшы мұғалімдер, оқу-әдістемелік орталығы әдіскерлері және мектепке дейінгі ұйымдарының педагогтері қатысты.