
«Мектепке дейінгі балалардың танымдық қабілетін зерттеу әрекеті арқылы дамыту» тақырыбында тәжірибелік алаң өтті.
Мақсаты: балабақшада тәрбиеленушілердің жас ерекшеліктеріне сәйкес зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруда педагогтарды әдістемелік қолдау көрсету.
Тәжірибелік алаңда «Болашақ» ассоциациасы мүшелері балабақшада зерттеу жұмыстарын ұйымдастырудың тиімді әдістері мен күннің екінші жартысында оны жүзеге асыру жолдарын, «Жас зерттеушілер» авторлық жобасын таныстыру және оқу қызметінде балалармен зерттеу жұмыстарын жүргізу мүмкіндіктерін көрсетті. Шараға 100 педагог қамтылды.