
Ғылыми-тәжірибелік орталықтың және «Жас Сарбаз» әскери-патриоттық жастар қозғалысының жылдық жоспарына сәйкес 5-6 мамыр күндері аралығында «Үздік әскери-патриоттық клуб» облыстық қашықтық байқауы өтті, байқауға Алматы облысының 9 әскери-патриоттық клубы қатысты.
Байқау қорытындысы бойынша І орынды Іле ауданының әскери-патриоттық клубы, ІІ орынды Талдықорған қаласының әскери-патриоттық клубы және ІІІ орынды Ақсу ауданының әскери-патриоттық клубы иеленді, сондай-ақ барлық қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.