Үздік сабақтар фестивалі

Үздік сабақтар фестивалі

Қашықтықтан оқыту мүмкіндігін кеңейту үшін заманауи білім технологияларын пайдалана отырып, пәндер бойынша  үздік бейне-сабақтарды іріктеу мақсатында 2021 жылдың 28 сәуір мен 4 мамыр аралығында техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің оқытушылары арасында «Заманауи сабақ – педагогтің кәсіби өсуінің көрсеткіші» тақырыбында үздік бейне-сабақтар фестивалі өткізілді. Үздік сабақтар фестиваліне қатысқан 37 инженер-педагогтің бейне-сабақтарын Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті, Талдықорған қаласындағы «НЗМ»ДББҰ ПШО филиалы, облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының мамандары бағалады. Бағалау нәтижесінде жеңімпаздар анықталды:   

Жалпы білім беретін пәндер бағыты бойынша:

1-орын – Калабаева Гульжамал Калдыбековна Алматы экономикалық  колледжінің математика  пәнінің  оқытушысы;

2-орын – Нуркиясова Эльмира Канатовна Есік гуманитарлық-экономикалық колледжінің биология пәнінің оқытушысы;

3-орын - Маметова Назым Кадыржановна Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің информатика пәнінің оқытушысы.

Арнайы пәндер бағыты бойынша:

2-орын – Нурамбаева Меруерт Сергалиевна Есік гуманитарлық-экономикалық колледжінің арнайы пән оқытушысы;

2-орын – Карамысова Индира Галымжановна  Сарқан гуманитарлық- колледжінің арнайы пән оқытушысы;

3-орын – Айболат Досбол Айболатұлы  Сарыжаз кәсіптік--техникалық колледжінің арнайы пән оқытушысы.

Өндірістік оқыту бағыты бойынша:

2-орын – Болатұлы Азамат Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің өндірістік оқыту шебері;

2-орын – Дәулетқызы Ақнұр Алматы экономикалық колледжінің өндірістік оқыту шебері.