2021 жылдың 3-5 мамыр күндері аралығында Талдықорған қаласы, Өркен спорт сарайында барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес 5-6 сынып оқушылары (ұлдар) арасында баскетболдан «Алтын доп» Ұлттық мектеп лигасының облыстық іріктеу кезеңі өткізілді. І, ІІ-орын алған командалар ағымдағы жылдың 17-24 мамыр күндері Талдықорған қаласында өтетін республикалық кезеңге қатысады:
І-орын: Еңбекшіқазақ ауданы, Т.Әубәкіров атындағы орта мектебі;
ІІ-орын: Іле ауданы, №17 орта мектебі;
ІІІ-орын: Кербұлақ ауданы, №49 орта мектебі.