Гандболдан «Ұшқыр доп» облыстық Ұлттық мектеп лигасы

Гандболдан «Ұшқыр доп» облыстық Ұлттық мектеп лигасы

2021 жылдың 3-5 мамыр күндері аралығында Талдықорған қаласы, Жастар спорт сарайында барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес 7-8 сынып оқушылары (қыздар) арасында гандболдан «Ұшқыр доп» Ұлттық мектеп лигасының облыстық іріктеу кезеңі өткізілді. І, ІІ-орын алған командалар ағымдағы жылдың 13-20 мамыр күндері Талдықорған қаласында өтетін республикалық кезеңге қатысады:

І-орын: Еңбекшіқазақ ауданы, Әл-Фараби атындағы орта мектебі;
          ІІ-орын: Іле ауданы, №26 орта мектебі;
          ІІІ-орын: Талдықорған қаласы, №22 орта мектебі.