
Оқу-әдістемелік орталығы «Бастауыш сыныпта функционалдық сауаттылықты қалыптастырудың өзіндік ерекшеліктері» тақырыбында вебинар өткізді.
Вебинар мақсаты: Бастауыш сынып педагогтеріне әдістемелік көмек көрсету, оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттырудың тиімді жолдарын ұсыну.
Вебинарда Ескелді ауданы Н.Алдабергенов атындағы ОМ бастауыш сынып мұғалімі А.Баймуханбетова, Сарқан ауданы Абай атындағы мектеп-гимназияның бастауыш сынып мұғалімі Д.Туремуратова және Павладар облысы Экибастуз қаласы №6 ОМ бастауыш сынып мұғалімі Н.Марахова аталған тақырып аясында өз тәжірибелерімен бөлісті. Жұмыс соңында облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының әдіскері К.Сулейменова бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту бағыттары бойынша мұғалімдермен ой алмасып, ұсыныстарын тыңдады. Аталған шараға 100 педагог қатысты