Генетикалық есептерді шығару жолдары

Генетикалық есептерді шығару жолдары

Алматы облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы І.Жансүгіров  атындағы Жетісу университетімен бірлесіп, білім сапасындағы олқылықтарды жою және толықтыру, қиындық туғызған  оқу мақсаттарына түзету жұмыстарын жүргізу әдістемелік сүйемелдеу мақсатында биология пәні мұғалімдеріне «Генетикалық есептерді шығару жолдары» тақырыбында  вебинар  өткізді. Вебинарда І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің  жаратылыстану кафедрасының, жаратылыстану  ғылымдарының аға  оқытушысы Кабдрахманова Айнур Канатовна  оқу  бағдарламасына сәйкес  генетикалық есептер шығару  жолдарын  ұсынып,  мұғалімдермен кері байланыс жүргізді.