PISA халықаралық зерттеуіне дайындық жұмыстары

PISA халықаралық зерттеуіне дайындық жұмыстары

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда пән мұғалімдеріне әдістемелік қолдау көрсету мақсатында PISA халықаралық зерттеуі бойынша апробацияға түскен мектеп педагогтеріне «PISA халықаралық зерттеуіне дайындық жұмыстары» (Сарқан ауданы, Ақын Сара атындағы ОМ тәжірибесінен) тақырыбында тәжірибе тарату вебинары өтті.

Вебинарда Сарқан ауданы, Ақын Сара атындағы ОМ директордың оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары К.Жексенбекова, биология пәнінің мұғалімі А.Карипбаева, география пәнінің мұғалімі Б.Калиев, математика пәнінің мұғалімі Р.Сарсембаева, география пәнінің мұғалімі А.Елшибекова, қазақ тілі мен әдебиет пәндері мұғалімі А.Ескермесқызы халықаралық зерттеуге дайындық жұмыстары бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті.