Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы жолдауында экологиялық жағдайын жақсарту мәселесін басты назарға алынуына байланысты Алматы облысында экологиялық білім беруді дамытудың 2021 – 2023 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары құрылған. Іс-шаралар жоспарына сәйкес «Жасыл желек - жан рахаты» атты жаппай ағаш отырғызу шарасының негізгі обьектісі ретінде Талдықорған қаласының Қаратал шағын ауданында орналасқан студенттер жатақханасының ауласын алдық. Жұмысымыздың негізгі мақсаты көгалдандыру, әсем көрініс беру, шудан, күннен, шаңнан қорғау болып табылады. Қаланың «Жасыл патруль» еріктілер тобы жұмысқа тартылып 20 түп өрік, 10 түп шие ағаштары отырғызылды.