
9-сынып білім алушыларын орыс тілі мен әдебиеті (Т1) пәндері бойынша қорытынды аттестаттауға дайындау мақсатында орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің ассоциациясы Шеберлер мектебі аясында «Қорытынды аттестаттауға дайындық барысында оқушылардың оқу іс-әрекетін қалыптастырудың негізі орыс тілі мен әдебиеті сабақтарындағы текстоцентрлік тәсіл» тақырыбында вебинар өткізді. Вебинарда Текелі қаласы №6 ОМ орыс тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімі Н.Дегтярева «Текстоцентрлік тәсіл. Орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында оны жүзеге асыру жолдары» тақырыбында шебер-класс өткізіп, «2020-2021 оқу жылында 9 сыныпта орыс тілі пәні бойынша қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру» таныстырылымын жасады. Текелі қаласы №4 ОМ орыс тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімі Н.Банецкая «Спиральды жетістік қағидасы. 2020-2021 оқу жылында 9-сыныпта орыс тілі пәні бойынша қорытынды аттестаттау ұйымдастыру және өткізу» тақырыбында әдістемелік экскурсия жүргізді. Текелі қаласы №1 ОМ орыс тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімі Ж.Жансұлтанова «Орыс тілінде оқытпайтын сыныптардағы орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың құрамдас бөліктерінің бірі ретінде мәтінмен жұмыс істеу» атты идеялар калейдоскопын көрсетті. Вебинар қорытынды аттестаттауға дайындық мәселелерін талқылаумен аяқталды. Іс-шараға барлығы облыстың 100 педагогы қатысты.