
Алматы облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы «Табысты басшы» жобасы аясында мектеп тәжірибесіне зерттеу үдерісін енгізудің маңыздылығын түсіндіріу, сабақты зерттеу қадамдарын жүзеге асыруда даму тетіктері және кедергілерді айқындауда мектеп басшыларына әдістемелік қолдау көрсету мақсатында 30.04.2021 жылы «Мектеп тәжірибесіндегі бірлескен зерттеу: даму тетіктері мен кедергілер» тақырыбындағы Талдықорған қаласы №22 орта мектеп тәжірибесінен әдістемелік - тәжірибелік вебинар өткізді.
Алғашқы сөз Алматы қаласы Педагогикалық шеберлік орталығы филиалының директоры - Б.Асубаевқа берілді. Вебинарда Талдықорған қаласы №22 орта мектеп ұжымы «Зерттеу неден басталды?», Зерттеу қалай жүргізілді? Зерттеуге: Тәуекел.Сенім. Жетістік. Онлайн зерттеу сабағы. Зерттеудегі тандем. «Зерттеу сабағы-кәсіби даму тетігі» тақырыптарында таныстырылым жасап, өз тәжірибелерін ортаға салды. Вебинарға 130 мектеп директоры тартылды.