Математика пәнінен БЖБ және ТЖБ тапсырмаларына сараптама жүргізу әдістемесі

Математика пәнінен БЖБ және ТЖБ тапсырмаларына сараптама жүргізу әдістемесі

Педагогтерге жиынтық бағалау жүргізу қорытындылары мен жоспарланған түзету жұмысы бойынша әдістемелік қолдау көрсету   мақсатында ағымдағы «Математика пәнінен БЖБ және ТЖБ тапсырмаларына сараптама жүргізу әдістемесі» тақырыбында тәжірибе тарату вебинары өтті. . Аталған шарада білім беру мазмұнын жаңарту аясында «Математика» пәні бойынша облыс тренері А.Ниязова оқу мақсатына бағытталған бағалау тапсырмаларын әзірлеу және сараптау бойынша іс-тәжірибесімен бөлісті. Текелі қаласы №5 орта мектебінің математика пәні мұғалімі Л.Махабат ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі №130 бұйрығының 8- қосымшасына сәйкес жиынтық бағалаудың  талдауын  көрсетті.