
2021 жылдың 28 сәуірінде қазақ тілі мен әдебиеті пән оқытушыларына сабақты жоспарлауда оқытудың тиімді тәсілдерін қолдану және тәжірибе алмасу мақсатында «Жаңартылған бағдарлама аясында пәнді оқытудың басымдықтары мен тәжірибесі» тақырыбында облыстық вебинар өткізді.
Вебинарда Көксу политехникалық колледжінің оқытушысы Н.Есболова, Талдықорған гуманитарлы-техникалық колледжінің оқытушысы Д.Шешенгелдинова, «Диана» жоғары медициналық колледжінің оқытушысы А.Жақыпжанова, Көпсалалы облыстық үздіксіз білім беру колледжінің оқытушысы Б.Ажигулова өз тәжірибелерімен бөлісті.